Әліпбидегі дауыстылар, олардың жазылу ерекшеліктері белгілі бір жүйеге негізделіп, дыбыстық құрамына, сөз ішіндегі орнына қарай іштей жіктеледі. Ол дауыстылардың жалаң және қосынды түрлерін, буын талғайтын және буын талғамайтын таңбаларды, кірме әріптердің қолданысын қамтиды. Дауысты дыбыстардың бұлай жіктелуі қазақ тіліндегі үндестік заңын сақтауға, сөздердің дұрыс жазылуы мен айтылуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Жалаң – бір ғана дыбыстан тұратын дауыстылар: а, ә, е, о, ө, ұ, ү, ы, і.
Қосынды – екі-үш дыбыстың тіркесінен тұратын, бірақ жазуда бір әріппен берілетін дауыстылар: и (ый, ій), у (ұу, үу), ю (йұу, йүу), я (йа).
Барлық буындарда жазылатын таңбаларға а, е, ы, і дауыстылары жатады. Бұлар сөздің барлық шенінде, яғни басында (анлаут), ортасында (инлаут) және соңында (постлаут) жазыла береді: алаша, аласа, абажа, абайсызда, аждаһа, асаба, араша, ежіктеме, ескекше, ештеме, ештеңе, ереже, ерекше, ендеше, ығыспалы, ыдыраңқы, ыждағатты, ықыласты, ырысты, ығы-жығы, ынтымақты, ілгерінді, ісіңкі, ішікті, ішірткі, іркінді, ілтипат, ілім.
Буын талғайтын таңбаларға ә, о, ө, ұ, ү дауыстылары жатады. Бұлар, негізінен, сөздің бірінші буынында қолданылады: әжім, әйгілі, әйнек, әдістеме, әдеп, орамал, орындық, отбасы, боран, оқырман, бөлшек, бөлтірік, өрік, өрмекші, өшіргіш, ұран, ұрпақ, ұлтарақ, мұғалім, ұшақ, үлгі, үлгерім, үлес, мүсінші, сүйеніш. Сондай-ақ біріккен және қос сөздердің екінші сыңарларының басқы буындарында жазылады: әл-дәрмен, әңгел-шәңгел, әзіл-оспақ, баған-тор, өсіп-өну, өтірік-өсек, әңгіме-сұхбат, жалт-жұлт, әзіл-күлкі, әңгіме-дүкен, бақаот, бесқонақ, әуекөлік, бағдаркөрсеткіш, әнұран, әзілқұмар, балжүгері, бескүндік, Бейсенәлі, ендігәрі, әжептәуір.
Екі ашық буын қатар келген кейбір сөздерде екінші буындағы ы, і дауыстылары айтылуда көмескіленгенімен, жазуда сақталады: мейірім (мейрім емес), дәрігер (дәргер емес), қасірет (қасрет емес), құзырет (құзрет емес), қабілет (қаблет емес), қатынас (қатнас емес), абырой (аброй емес), мағына (мағна емес), атырап (атрап емес).
Ы және і дауыстыларына аяқталған етістіктерге көсемшенің -й жұрнағы жалғанғанда, жазуда олар -ый, -ій түрінде емес, бір ғана и әрпі арқылы беріледі: ері + й + ді – ериді, шірі + й + ді – шіриді, бекі + й + ді – бекиді, жібі + й + ді – жібиді, оқы + й + ды – оқиды, қасы + й + ды – қасиды, құры + й + ды – құриды, тасы + й + ды – тасиды.
Лжәне р дауыссыздарынан басталатын сөздердің басында айтылымда ы, і, ұ, ү дыбыстары естілгенімен, жазуда олар еленбейді: лай (ылай емес), лақ (ылақ емес), лайық (ылайық емес), лауазым (ылауазым емес), рас (ырас емес), рақмет (ырақмет емес), рауан (ырауан емес), ләззат (іләззәт емес), ләңгі (іләңгі емес), леген (ілеген емес), рәсім (ірәсім емес), ресми (іресмій емес), реніш (іреніш емес), лоқсу (ұлоқсұу емес), лоңқа (ұлоңқа емес), Лұқпан (ұЛұқпан емес), роза (ұроза емес), рұқсат (ұрұқсат емес), Рүстем (үРүстөм емес), рөл (үрөл емес), лөкет (үлөкөт емес), ризық (ырыйзық емес,) рух (ұрұух емес).
Орыс тілінен енген сөздерде о әрпі қазақ тілінің үндестік заңына бағынбай, сөздің соңында да жазылады: кино, радио, казино, фото, метро, авокадо, домино.
Кірме әріптерге э, ё дауыстылары жатады. Бұлар орыс тілінен енген сөздерде қолданылады: дуэт, каратэ, поэма, поэзия, орфоэпия, экран, элемент, дублëр, режиссëр, актëр, манëвр, вахтëр, жонглëр, ёлка т.б.
Қазақ тілінің кейбір сөздерінде дыбыстардың айтылуы мен жазылуы арасында айырмашылық байқалады. Мұндай ерекшеліктер орфографиялық нормалардың тарихи қалыптасуына және дәстүрлі жазу үлгісінің сақталуына байланысты. Мысалы, сөз басындағы ж, ш дауыссыздары мен й дыбысының ортасында келетін а дауыстысы көбінесе жіңішке ә болып айтылады, алайда жазуда а әрпі сақталады: жай (жәй емес), жай-жапсар (жәй-жапсар емес), жайлау (жәйлау емес), жайсаң (жәйсаң емес), жайт (жәйт емес), шай (шәй емес), шайқас (шәйқас емес), шайтан (шәйтан емес), шайыр (шәйыр емес). Мұнда айтылымда жіңішкеру байқалғанымен, жазуда ол ескерілмейді.
Сондай-ақ сөздің алдыңғы буындарындағы жіңішке дауыстылардың әсерінен келесі буында ә болып естілетін дыбыс та жазуда а арқылы беріледі: ләззат (ләззәт емес), рәсуа (ірәсүуә емес), Жәмила (Жәмійлә емес), тәкаппар (тәкәппар емес). Яғни айтылуда жіңішкеру болғанымен, орфографияда сөздің қалыптасқан тұлғасы сақталады.
Айуан, айуанат, хайуан, хайуанат, кейуана, миуа, диуана, қиуа, қиуаз сияқты сөздер қалыптасқан орфографиялық нормаға сай дәл осы түрде жазылады. Бұл сөздердегі йу/иу тіркестерінің жазылуы айтылуы бойынша емес, қалыптасқан үлгісіне негізделіп беріледі.
Қосарлы ый әріптерінің жазылуы шектеулі: олар тек сый, тый сөздерінде және солардан туындаған тұлғаларда ғана қолданылады: сыйақы, сыйлас, сыйлық, сыйлау, сыйымды, сыйысу, сыю, сыяды; тыйым, тыю, тыяды, тыйылу. Бұл – морфологиялық тұрақтылықты сақтауға бағытталған орфографиялық норма.
Ә, ұ, ү әріптері кейбір сөздердің екінші буындарында да жазылады. Олар көбіне тарихи қалыптасқан немесе кірме сөздер болып келеді. Мысалы:
О және ө әріптері қазақ тілінде, негізінен, сөздің екінші буынында жазылмайды. Алайда -қой, -қор, -күнем, -гөй, -көй сияқты кірме сипаттағы сөзжасам элементтері бар сөздерде бұл заңдылық сақталмайды. Мұндай тұлғаларда о, ө, ү дауыстылары кейінгі буындарда да кездеседі: әзілқой, әуесқой, сәнқой, еңбекқор, бәлеқор, тілеуқор, қаскүнем, пайдакүнем, маскүнем, ақылгөй, батагөй, данагөй, қаскөй. Бұл қазақ тілінің үндестік заңынан ауытқитын, тарихи қалыптасқан кірме тұлғаларға тән ерекшелік болып табылады.
Алдыңғы буындағы ұ, ү, о, ө, (у) дыбыстарының ықпалы нәтижесінде келесі буындағы дауыстылар айтылуда еріндік сипатқа ие болуы мүмкін. Алайда қазақ орфографиясында бұл дыбыстық өзгерістер жазуда ескерілмей, сөздің негізгі фонемалық тұлғасы сақталады. Сондықтан айтылуда ұ, ү, ө болып естілетін дыбыстардың орнына ы, і, е әріптері жазылады: құлын (құлұн емес), дұрыс (дұрұс емес), құрылыс (құрұлұс емес), түтін (түтүн емес), күміс (күмүс емес), көлік (көлүк емес), бөтен (бөтөн емес), өлшем (өлшөм емес), өлең (өлөң емес), қауын (қауұн емес), жауырын (жауұрұн емес), қауырсын (қауұрсұн емес).
И дыбысына аяқталатын етістіктер мен сый, тый етістіктеріне -у, -а жұрнақтары жалғанғанда, олар ю, я әріптері арқылы беріледі: жи + у – жию, қи + у – қию, сый + у – сыю, тый + у – тыю, жи + а + ды – жияды, қи + а + ды – қияды, сый + а + ды – сыяды, тый + а + ды – тыяды.
Йы, йі тіркестеріне аяқталған етістіктерге көсемшенің -й жұрнағы жалғанғанда, дыбыстық жағынан олар ый, ій түрінде айтылғанымен, жазуда бір ғана и әрпі арқылы беріледі: байы + й + ды – байиды, кейі + й + ді – кейиді, ұйы + й + ды – ұйиды.
10-жаттығу. Көп нүктенің орнына а немесе ә әріптерінің тиістісін қойып, жаттығуды орындаңыздар. Сөздердің дұрыс жазылуын сақтай отырып, таңдаған әріптің не себепті қолданылғанын түсіндіріңіздер. Ә әрпінің сөз ішінде орналасу ерекшеліктерін анықтаңыздар.
Т...урат, ж...йм..., сүтшәрб...т, т...й-т...й, ...мм..., дімк...с, ж...йбарақат, күш...н, бейж...й, г...кку, күм...н, дүб...р…, ку...л...ндыру, бейм...ғлұм, м...рм...р, ж...йл...у, күм...жнік, мүл...йім, ж...йнамаз, олд...-білд..., ж...йбасар, әмірл...шкер, емд...м, ш...йқы, н...руыздық, т...йт, б...йбіше, ж...йпақ, т…к...ппар, п...руай, з...мз...м, ш...йхана, ...лх...м, ку...лік, жанж...біл, м...шине, күп...йке, д...нд...ку, ...м...нда, пір...д...р, әз...зіл, дінд...р, н...м...рт, б...ғбан, к...у...п, ж...йлау, бейп...ру…, ж...йт, күл...пара, күн…к...р, ділд..., ж...ннат, б...һш...т, ж...йдақ, күн...ра, ділм...р, ж...мағат, б...дия, ж...риялау, күл...псан, ш...йтан, ж...йылым, бейш...ра, ш...йнама, к…ус...р, кін...л...у, ...жу…, кін...р...т, б...тк...рде, мүш...йра, бірл...н, т...б...рік, ш...йқас, м...н-ж...й, гүлт...ж, күл...бі, дүние-мүк...ммал, бісмілл..., ж...дит, мін...жат, р…су..., бейкүн..., күл..., ж...йдарман, ...мр..., ш...й, мүһ...зин, ендіг...рі, кір...п, үк...м...н, ...м...лік, бейн...руызды, ку...гер, дүд...м...л, б...лл...һи, т...м...мдау, м...ж...зи, күн...па, ш...йнек.
11-жаттығу. Төмендегі сөздердегі ұ, ү әріптерінің жазылуын мұқият оқып, есте сақтаңыздар. Олардың сөзде қандай тұлғада қолданылып тұрғанын анықтап, кестеге сәйкес орналастырыңыздар.
|
Түбір сөз |
Біріккен сөз |
Қос сөз |
|
|
|
|
Ақтүтек, ақүй, алагүлік, атүсті, атұстар, атұлтан, аюжүн, аяқүсті, әнеугүні, әңгүдік, байғұт, байғұс, байғұтан, бал-бұл, бәкүн-шүкін, беймағлұм, бойұру, бойсұну, бұлбұл, біртүсті, біртұтас, дәлдүң, ара-тұра, дәлдүріштік, дәркүмән, дәнекүс, дәстүр, делқұлы, дүлдүл, жаздыгүні, жақұт, жалаңбұт, жеңтүп, зәйтүн, келітүп, кешқұрым, күздігүні, қаламұш, қарлұқ, құмбұлау, қыстыгүні, мазлұм, мазмұн, мазмұндама, мағлұм, мағлұмат, мағзұр, мағзұм, мағмұр, маддұға, майшұрқан, мақлұқат, мақрұм, мақсұт, мақұл, мақұлық, мақұрым, малғұн, мансұқ, мәжбүр, мәжнүн, мәкүрік, мәмлүк, мәнзүр, мәшһүр, миғұла, нақұрыс, неғұрлым, немақұл, сайгүлік, соғұрлым, сүмсүр, тамұқ, тектұр, теңқұр.
12-жаттығу. Көп нүктенің орнына ы немесе і әріптерінің тиістісін қойып, жаттығуды орындаңыздар. Сөздердің дұрыс жазылуын сақтай отырып, әр таңдаған әріптің қолданылу себебін түсіндіріңіздер. Сөздердегі ы, і дыбыстарының көмескіленуіне назар аударып, олардың айтылуы мен жазылуы арасындағы ерекшеліктерді анықтаңыздар.
Аб...рой, ағ...лу, ад...рақ, аж...на, аж...рамас, ай...рылу, ай...рым, ақ...рап, ақ...раю, ақ...рын, ақ...ру, ақ...рып-зек...ру, аң...раю, ап...рақ, арақат...нас, ар...лу, ас...рау, ат...рап, ат...рау, ау...сым, аһ...лап-уһ...леу, әб...гер, әд...лет, әк...рең, әт...рет, әс...ресе, әс...рет, баж...раю, бақ...лау, бақ...райту, бау...рымдау, бод...рату, бұр...лыс, быт...раңқы, дәр...гер, жай...лым, жап...рақ, жап...раю, жар...лыс, жар...мес, жас...рын, жау...рын, жәд...гер, жұт...ну, жым...раю, зап...ран, зым...ран, кеж...рею, кек...рею, кеш...рім, кід...ріс, қаз...на, қат...нас, қор...тынды, құд...рет, құб...лыс, құр...лым, леп...ру, мағ...на, мақ...рап, маң...рау, мәж...ліс, мәл...мет, мәм...легер, мең...реу, мөң...реу, от...рықшы, от...рыс, өк...рік, өк...мет, өт...ніш, өт...рік, тағ...лым, тақ...рып, тәж...рибе, теб...реніс, тоқ...ма, тоқ...рау, тұж...рым, тұқ...раю, тұт...ну, түк...рік, ұс...ныс, үз...ліс, үк...мет, үң...рею, үң...лу, шақ...раю, шақ...рым, шұғ...ла, іб...ліс.
13-жаттығу. Төмендегі сөздерге басы артық дыбыстардың сөздің қай шеніне қосылатынын анықтап, жаттығуды үлгіге сай орындаңыздар. Әр сөзді талдап, артық дыбыстың пайда болу себебіне назар аударыңыздар. Олардың айтылуы мен жазылуы арасындағы ерекшеліктерді түсіндіріңіздер.
Үлгі: рақмет – ырақмет, леген – ілеген, тракт – тыракт, ...
Лабай, резеңке, трек, лауазым, рәуіш, колледж, рең, лоқы, троллейбус, лоңқа, рабат, лөк, расында, коттедж, ризық, лөкет, инфаркт, рақат, лүпіл, разы, лықсу, рақмет, лыпа, рет, лыпыл, рабайсыз, троп, диск, рағна, лепірме, реңк, лоблу, раббы, инстинкт, рай, рақым, тромб, дифирамб, рас, лаулау, райыс, лашық, растама, лақпа, рауа, лек, факт, лепес, рауаят, раушан, лақтыру, рәміз, рәсім, лашын, рәсуа, ләззат, реніш, рубаят, арабеск, рұқсат, банк, ләйлу, рөл, ру, ләм, киоск, рубасы, гонг, лағман, рух, лағзын, дифтонг, лаңкес, риза, лаңса, диалект, лазым, имидж, лап, трест, рухани, лас, лау, конфликт, лай, лақ, конспект, лағынет, антракт, лаж, трагедия, леген, лезде, тракт, ләңгі, ләулік, трактат, лақап, лақат, трактир, лақылдау, рауан, лаң, трамвай, лоқсу, ресми, лоқу, трамплин, лайық, лайым, трюм.
14-жаттығу. Төмендегі сөздердің жазылуын мұқият оқып, есте сақтаңыздар. Әр сөздің дұрыс жазылуына назар аударып, орфографиялық ерекшеліктерін анықтаңыздар.
Ағлам, сіңлі, айырма, ауру, ауылы, аулы, аузы, ауызы, базына, бытыранды, ғақлия, ғибрат, ғишрат, едіреңдеу, ежірей, емле, емірену, жарымес, жәдігер, желібау, желбау, зәуімен, кекірік, қабылан, қақыру, қатыгез, қатігез, қатыран, лағман, қызмет, лоблу, мағрип, мағрифат, матрас, мәйкі, мәсуек, мәуесек, сахна, тағзым, хикмет.
15-жаттығу. Көп нүктенің орнына ы, і әріптерінің бірін қойып, жаттығуды орындаңыздар. Сөздердің дұрыс жазылуын сақтай отырып, таңдаған әріптің не себепті қолданылғанын түсіндіріңіздер.
Ақ...рет, анхаз...рет, әз...рет, б...раз, ғар...п, ғап...л, ғап...лет, ғап...лдік, ғұс...л, зақ...мет, қаб...лет, қаб...р, қағ...лез, қад...м, қад...р, қас...рет, қат...м, қауд...р, қау...п-қатер, құд...рет, құз...рет, құз...рлы, лағ...нет, неғайб...л, нағ...лет, тақс...рет, тақ...лет, тауқ...мет, хак...м, хас...л, хаз...рет.
16-жаттығу. Төмендегі сөздердегі о, ө әріптерінің жазылуын мұқият оқып, есте сақтаңыздар. Олардың сөзде қандай тұлғада қолданылып тұрғанын анықтап, кестеге сәйкес орналастырыңыздар.
|
Түбір сөз |
Біріккен сөз |
Қосымша |
|
|
|
|
Алагөбе, атөтті, алғыскөй, ақылгөй, ащыот, бақшаңкөз, батальон, батагөй, бокал, бойкот, біркөш, біртоға, даңғой, датқой, дәмегөй, жампоз, кастрөл, кәлөш, кәстөм, көгорай, көгөніс, қамбоз, қамзол, қамқор, қансонар, қаскөй, құмбоз, ләмбөк, майқор, пайдақор, сүлесоқ, селқос, парақор, селсоқ, пәлеқор, табысқор, тәймөңке, төбелесқор, үркесоқ, шабандоз.
17-жаттығу. Көп нүктенің орнына е, э, ë әріптерінің тиістісін қойып, жаттығуды көшіріңіздер. Сөздерді дұрыс жазып қана қоймай, таңдалған дауысты дыбыстың не себепті қолданылғанын түсіндіріңіздер, қолданылу ерекшеліктерін анықтаңыздар.
Акуш...р, акт...р, вахт...р, апно..., апог...й, апоф...ма, апоф...оз, арам...й, атл...т, ац...тон, а...робус, бал...т, барт...р, басс...йн, бәд...уи, б...джа, ...маль, б...йсбол, бекк...рель, б...нч, б...нуар, брок...р, карат..., буф...р, а...рограф, винч...стер, а...роплан, по...тика, г...йм, г...йзер, гимнаст...рка, гренад...р, д...битор, д...мбел, д...по, ...кран, д...спот, диск...т, а...ронавт, дирх...м, дириж...р, дубл...р, др...наж, ду...ль, ж...ньш...нь, жонгл...р, по...зия, з...фир, изаф...т, кано..., к...тчуп, киноакт...р, ду...т, кл...ймс, а...розоль, кл...йстер, клиш..., консь...рж, конт...йнер, корс...т, лау...грамма, л...фет, лаур...ат, лик...р, ман...вр, миелопо...з, мод...м, м...р, н...пман, сл...т, параб...ллум, а...рофлот, по...ма, режисс...р, репорт...р, ри...лтор, с...р, т...мбр, транспорт...р, тр...к, тр...ст, х...дж, ...пос.
18-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қойып, сөздерді дұрыс жазыңыздар. Әр сөздің жазылу ерекшелігін түсіндіріп, таңдаған әріптердің не себепті қолданылғанын негіздеңіздер.
Алаг...бең, би...лай, алаг...лік, чарт...р, вал...та, деб...тор, фл...йта, д...фис, б...ро, амфиби..., панс...онат, анағ...рлым, ...рмитаж, анг...ома, б...дон, анк...р, апайт...с, ас-д...м, теңқ...р, асай-м...сей, фи...нит, аш...шек, а...ан, әбж...л, әйб...т, к...ззап, у...лаят, әлх...м, қан...пезер, әмр..., шл...з, әмір-құд...рет, әси..., байқад...р, әски..., байғ...з, байм...р, т...хқиқ, бех...да, борғ...й, борм...шине, универси...да, бірл...н, в...нчестер, к...мшат, м...ссаған, п...дия, асаби...т, ви...лончель, гайм...рит, ...ффшор, г...рила, элл...псис, ғай...ш, мүб...рак, асайм...са, күн...ра, ғап...лет, деб...тант, емд...м, ем-д...м, емм...т, жад...гөй, жақ...т, б...раз, жанж...біл, бр...зент, жәрек...малла, ап...ын, мін...жат, желқ...яң, к...вбой, ...умин, т...фу, з...рағар, з...узат, ищ...й, ести...р, эл..ент, бақти...р, к...лима, бақ...лық, кед...р-бұдыр, мүрт...т, қат...гез, манс...қ, м...нпаси, бойс...ну, мүфти...т, гл...коза, бақш...ю, н...пақа, т...бинг, шл...йф, эл...вий, юн...ор.
19-жаттығу. Төмендегі жаттығуды көшіріп жазыңыздар. Екінші және үшінші буындарда ә, ү, ұ, о, ө әріптері кездесетін сөздерді анықтап, олардың астын сызыңыздар. Белгіленген сөздердің дұрыс жазылуына назар аударып, емлесін есте сақтаңыздар.
І. Адамды ақын ететін де, әңгүдік ететін де өмір ғой, Владимир Евгеньевич. (Ә.Нұрш.) Балзия байғұс құрыпты, Кеше әңгүдік еркегі Итше тепкілеп ұрыпты. (О.Әуб.) Содырлы сойқандардың біріне-бірі айтатын әзәзілдік өсиеті қандай болатынын ашып береді. (М.Ә.) «Көкірегінде қаяу жоқ, Қажымас, қайта айнымас қайран тату» ... деген сияқты ойларды шешендік, ақылгөйлік түрінде баса айту – бұл өлеңдегі Абайдың ағалық, ұстаздық ниеті. (М.Ә.) Ұнамды кейіпкерлердің бір алуаны: Сарыбай, Айбас, Тайлақ Қозының батагөйі, тілектесі. (М.Ә.) Николайдың заманында отаршылдыққа бойсұнып қалғандардың көбі орысша жазуды жақсы білсе де, қазақшаны білмейді. (С.С.) Басынан кешкен оқиғаларды бұлбұлдай сайрап, Зылиқа айтып отыр. (Б.М.) Есіркеген кенет тебініп қап, қазақтың ескі дәстүрімен «ой, бауырымдап!» ауылға қарай шаба жөнелді. (І.Е.) Бүгінге дейін сол бір өткен жолдары есіне түссе болғаны, Кенжебек делқұлы жандай есеңгіреп, әлсіреп сала беретін. (Р.Р.) Ырғызбайдың әншейінде жуансыған, қолшыл болып мықтысыған ұргеппе, даңғойлары бұл тұста күпілдектен асқан жоқ. (М.Ә.) Хасен де бізді түсінер, бізге қосылып та қалар деген дүдәмал сенімнен де құр емес. (І.Е.) Есеней тапсырған ту бие кешқұрым сойылды. (С.Мұқ.) Көйлегінің сыртынан желбегей киген ескі жыртық, шолақ жең, сұр қамзолы бар. (С.С.) Баянауыл сияқты таулы-тастақты жерде егін шықса, оның қақ жартысын ысырап қып, не мәшине жолшыбай жолға шашса, не жауын шірітіп, жинай алмай қар астында қалса, күнәнің күнәсі емес пе? (З.Ш.) Шалдың кінәлай сөйлеуін Айгүл орынды көрді. План да, есеп те дұрыс еді, бірақ соның орындалуына кінәрат араласқанын айтты. (Ғ.М.) Біздің ғасырымызда халқымызға сыйлаған әлгіндей теңдесі жоқ дүлдүл азаматы – Мұхтар Әуезов еді.
ІІ. Бәрі де кінәратсыз, қитықсыз жақсы өтіп жатыр. (Ғ.М.) Жастайыңнан етене боп өскен еңбектен қалу адам баласының басына келген мүсәпірлік сол болады екен. (Ә.Нұрш.) Осы күнге дейін қолданып келген, басып жатқан оқу кітаптарымыз, оны жазушыларымыз бұл мақсұттан алыс жатыр. (Ғ.М.) Біржан аз күн селсоқтанып жүрді де қайта нығайып алды. (Ғ.М.) Мүсілім істі селсоқ, салқын істейді. (З.Ш.) Енжарлық, селқостық бүгін осы ауданды олқылыққа ұшыратты. (З.Ш.) «Ауызға келген түкірік, қайта жұтса, мәкүрік» демей ме қазақ. (С.Мұқ.) Өңге өнер-білімнен осынша мақұрым боп туған Әміреге табиғаттың тамаша биік, тамаша таза, тамаша өрнекті дауысты өлшеусіз бере салуы – адам қайран қаларлық көрініс. (С.Мұқ.) – Балықтан семіз мақұлық жоқ, – деді Әбен. (Ғ.Мұст.) Қалампыр баласының Жетісу жағына кетуін мақұлдайды. (С.Мұқ.) Ырғағы сарыны заманның, дәуірдің сарын-күйіне қарай, өлеңнің, жырдың мазмұнына, тақырыбына қарай түрлі ән мен күйлер шыққан. (С.С.) Олардың араларындағы алыс-берісті куәландырудан басқа істе біздің жұмысымыз жоқ. (Ғ.М.) Берсең, жақсысың, бермесең, жамансың. Беріп кімге жеткізесің? Құдайға күнәміз бар шығар. Әй, пендеге жоқ шығар! Қарадан қарап жүріп өшігеді, тіленбей тырмысып күнелткенімізді көпсінеді. (Ғ.Мұст.) – Халайық, сіздің ең жақын қамқорыңыз және білгіш, ақын досыңыз Абай деп біліңіз. (М.Ә.) Осы таулардың жықпылынан сылдырап сегіз бұлақ ағады: Айман, Қатпас, Шоқай, Мойылды, Қапар, Көшет, Малай, Кетен бұлақтарының суы зәмзәм суындай мөп-мөлдір, көкпеңбек. Ішсең, сусыныңды қандырады, жусаң, бетіңді жасартады. (З.Ш.) Сондай көзге түсер сыйлық әкелгеннің бірі – Қаншайым. Ол үстіне қызыл жақұт орнатқан алтын жүзік әкелді. (І.Е.) Сергелдең көңілге дүдәмал болса да дәл осы сәтте азырақ тыныс тапқан екі жас жартастың етегінде тұрып жайбарақат жоғары қарады. (І.Е.) – Сені ойнатпай не қылайын. Көшеде сайтанша шауып жүрген мәшинесі түскір басып кете ме деймін де. Таяқ пен кәлөшті әкеле ғой, қарашығым, – дейді екен әжесі.
20-жаттығу. Орфографиялық сөздіктен мамандығыңызға қатысты он сөз теріп, олардың жазылуына назар аударыңыздар. Әр сөзді қатыстыра отыра сөйлем құрастырыңыздар. Сөздердің мағынасын түсіндіріп, кәсіби қолданыстағы ерекшеліктерін сипаттаңыздар.
21-жаттығу. Төмендегі сөздердің екінші буынындағы ы, і, е дыбыстарының айтылуына назар аударыңыздар. Не себепті жазылуда бұлар таңбаланбайтынын түсіндіріңіздер.
Бөкен, бөксе, бөктер, бөле, бөлме, бөлтірік, бөлшек, бөлім, бөпе, бөрткен, бөрік, бөспе, бөстек, бөтен, бөшке, өжет, өгіз, өкпе, өкше, өлең, өлке, өндіріс, өнер, өнім, өркеш, сөздік, сөйлем, сөре, сөзшең, болыс, болмыс, оқылым, соғым, ұғым, ұжым, ұзын, ұйым, құрбы, құрлық, құрдым, құрылғы, құрылтай, құрыш, құсық, құты, құшыр, қосшы, қотыр, көбік, көлгір, көмір, көңіл, көпір, көпшік, көрік, көрші, көрім, көшірім, күдік, күдір, күжіл, күзгі, күйік, күйіс, күйініш, күкірт, күлгін, күлкі, күміс, күңгірт, күпір, күңкіл, күртік, күріш.
22-жаттығу. Көп нүктенің орнына и, ы, ый, ій әріптерінің тиістісін қойып, жаттығуды орындаңыздар. Сөздердің орфографиялық нормасына сай дұрыс жазылуын есте сақтаңыздар. Әр мысалды талдап, қай жағдайда и, ы әріптері, қай жағдайда ій, ый тіркестері қолданылғанын анықтаңыздар, олардың жазылу себебін түсіндіріңіздер.
С...дам, м..., т...ғызу, с...ақы, р...за, т...ын, с...пасу, м...палау, с...ғызу, р...зық, т...яды, с...лау, с...ыр, с...лық, р...яшыл, с...қыр, м...дай, с...-құрмет, т...дыру, с...паттама, т...ін, т...ылу, с...-с...япат, с...ю, с...ықсыз, м...ғұла, с...яды, с...рақ, р...ясыздық, қ...ма, т...діру, с...я, т...егіш, с...лас, т...есілі, кей...ін, с...ымды, н...ет, т...еуіш, с...рек, т...пыл, с...лы, т...пың, с...са, к...елі, т...тық, с...яқты, т...імді, с...ялау, т...істі, м...шық, қ...қар, р...зашылық, қ...ғаш, с...диту, м...лану, т...еді, қ...қу, с...дию, қ...да, н...зам, т...ейін, с...ыну, мүфт..., т...янақты, қ...қым, с...пақтау, м...уа, т...ым, н...яз, қ...-құмалақ, ресм..., к...кілжің, т...ю, кірб...ю, м...яулату, с...палау, м...зам, аб...ыр, с...йысу, кілм...ю, т...яйын.
23-жаттығу. Төмендегі сый, тый түбірлерінен тараған сөздерді дұрыс жазуға жаттығыңыздар. Осы сөздерді қатыстырып, әртүрлі сөз тіркестерін және сөйлемдер құрастырыңыздар. Сөздердің жазылу емлесіне назар аударыңыздар.
Сый, сыйақы, сыйғызу, сыйдыру, сыйлағыш, сыйлампаздық, сыйлану, сыйлас, сыйлау, сыйлы, сыйлық, сый-қошемет, сый-құрмет, сый-сияпат, сый-сыбаға, сыйымды, сыйымсыз, сыйыстыру, сыйысу, сыйыт, сыяды, сыю, тыйғызу, тыйдыру, тыйылу, тыйым, тыйымсыздық, тыяды, тыю.
24-жаттығу. Көп нүктенің орнына йа, иа, ия әріптерінің бірін дұрыс таңдап қойыңыздар. Әр сөздің жазылуын түсіндіріп, не себепті сол әріп қолданылғанын дәлелдеңіздер.
Ақыра...ды, зод...к, зүрр...т, барж...ды, ақс...ды, қалб...ды, пед...тр, арб...ды, п...нист, амм...к, апс...ды, рад...н, с...м, тәб...т, спортак...да, ф...нит, фтиз...тр, христ...н, григор...н, ц...н, агроном..., агресс..., ағж...ды, ад..., аз...лық, айбатм..., айғырқ...қ, айр...ды, ақм..., ақш...ды, алд...р, аңқ...ды, ба..., апат..., м...зма, ар..., арпамәд...н, асаб...т, ассоц...ц...лану, аус...ды, әб...т, әд...л, әкім...т, әм...н, әс..., бағб...ды, бағж...ды, бад...н, бақш...ды, мерид...н, бе...ймақтық, құда...қы, барб...ды, нотар...т, бе...уыз, нотар...лды, басм..., батт...ды, бәд..., б...зы, б...лай, валер...н, ғақл..., дүр..., ест...р, вар...ция, қо...уыз, жанқ...рлық, з...лы, мультимед..., з...нкес, з...ткер, зым...н, ислам...т, артез...н, насыба...тым, бе...ғзалық, итм..., кірп...з, қазақ..., б...бан, қайр...т, қап...да, қ...қ, милл...рд, қ...бет, қ...н, қ...ңқы, бе...қыл, қ...пат, м..., сы...қы, м...лау, м...у, м...ткер, мұқ...т, мүфт...т, бе...хлақ, під..., мұхтар...т, р...сыздық, олимп...да, руп..., рухан...т, маңда...лды, масс-мед..., сақт...н, шіл..., сам...н, сіргеж...р, тәб..., мемор...л, тот...йын, арж...ды, тұқым-тұқ...н, ұңғы...лы, тұрн...з.
25-жаттығу. Көп нүктенің орнына ю, йу, иу әріптерінің бірін дұрыс таңдап қойыңыздар. Әр сөздің жазылуын түсіндіріп, не себепті сол әріп қолданылғанын дәлелдеңіздер.
Ха...ан, а...лық, м...а, а...анат, а...қурай, а...жүн, а...су, біти..., ке...аналық, гип...р, деб...т, дз...до, д...шес, жи...лы, кілби..., бе...ақыт, д...ана, қ...аз, кірби..., кірти..., а...ан, қауди..., ха...анат, қа...біз, қуши..., майми..., бе...айымдық, н...анс, қ...а, тости..., бе...ақ, сәңки..., ке...ана, сере..., сымпи..., а...андық, а...бадам, тоти..., бе...аз.
26-жаттығу. Төмендегі сөздерге тұйық етістік немесе көсемше жұрнақтарының тиістісін жалғап, сөздердің дұрыс жазылуын анықтаңыздар. Әрбір сөздің жазылу ерекшелігін түсіндіріп, емле ережесіне сүйене отырып дәлелдеңіздер.
Үлгі: тоқы + у – тоқу, тоқы + й – тоқи(ды), ...
Әділімсі, жоры, и, жосы, әзілдегенсі, жұлқы, жуасы, әкімсі, жуы, әудемсі, әулиесі, ақылсы, балгерсі, ақынсы, бәсеңсі, алжы, аңғармағансы, бейбітсі, бейімдегенсі, аңды, бекі, аңқаусы, ки, балуансы, батпансы, белсендісі, балқы, берегенсі, баулы, ары, биімсі, қи, арыстансы, бөлексі, аунақшы, бөтенсі, ауырғансы, жи, бүлкі, астамсы, білгірсі, сый, дегді, дөңбекші, тый, дүмпі, елегенсі, ти, балағансы, елті, болғансы, еркінсі, ауытқы, ері, баяусы, есті, батырсы, байы, есіркегенсі, ашы, аяғансы, жадыгөйсі, жекі, жомартсы, борсы.
27-жаттығу. Төмендегі сөздерге тұйық етістіктің жұрнағын жалғап, сөздердің дұрыс жазылуын анықтаңыздар. Әр сөздің емлесін түсіндіріп, қандай заңдылыққа сүйеніп жазылғанын дәлелдеңіздер.
Жасы, тасы, ділмарсы, діндарсы, жағымпазсы, жағымсы, жайбарақатсы, жайдақсы, жақынсы, жалқаусы, жаны, жаншы, жары, жомартсы, жоры, жосы, жөңкі, жүйткі, жүнжі, жібі, жігітсі, жіпсі, зекі, кеберсі, кемі; и, ти, ки, қи, жи; сый, сой, жой, той, қой, тый, құй, күй, түй, сүй, үй; тап, жап, тік, шап, ық, қап, кеп, теп, сеп, тақ, жақ; бу, ту, жу, қу, сау, ау; ажырас, өс, ойна, тазарт, жүр, тұр, отыр, бар, кел, жат.
28-жаттығу. Төмендегі буын үндестігіне бағынбайтын сөздердің жазылуын есте сақтаңыздар. Олардың не себепті үндестік заңына бағынбайтынын анықтаңыздар. Сөздерді берілген кестеге сәйкес орналастырып, әрқайсысының ерекшелігін түсіндіріңіздер.
|
Түбір сөз |
Біріккен сөз |
Қосымша |
|
|
|
|
І. Балсірі, қасиет, гүжбан, ділбас, зәузат, бірқилы, емқара, дүрдараз, бірқыдыру, гүлзар, бірсарын, кебағаш, дәргаһ, қаскер, біррангілі, кезнар, зілзала, ерғашты, бітуа, жүрежат, бітуажа, зүбәржат, бітуана, гөлайттау, кертағы, балтүк, гүласы, кәнипас, тәкібай, дімкас, екеуара, бейдауа, енсағақ, қам-қарекет, бейхал, кәуап, жемсау, зәріғар, басбілгі, қалуетті, зертас, көгал, бейза, зілпара, кәнизак, бәддұға, кәусар, қайткенмен, ділмар, бейдала, кездейсоқ, бейқам, кейқуат, болыскей, кембағал, қастерлеу, пәруар, бейбақ, керогаз, ділда, керімсал, қорен, зүрриат, кесапат, қалет, миграж, көгалжым, бейнауа, көкпар, енжар, көнетоз, күнара, күнғалақ, естияр, лағынет, күндақ, бехұда, зәуіғалам, күнжара, мүбәрак, бөтенала, сүлесапа, есалаң, кітап-мінат, қабір, жиеншар, бейқарекет, қабілет, қадім, қадір, қажет, бейтаныс, кейуана, пәруай, қадірмен, қазір, біржола, қайтіп, мірақор, бірақ, қайтсе, қалуен, есуас, қандек, күшала.
ІІ. Бейхош, қанден, беймар, қапер, бейбас, қапелдеме, такелаж, қате, мүбәда, беймаза, ерқара, қатер, нәпақа, біржар, қаулен, есерсоқ, кертартпа, қауесет, бейтап, қауіпті, бейлаж, қорек, бейқұт, қошемет, құп-күйттай, бейшара, құрмет, қызмет, текеман, бірқатар, кемтар, қылует, лаңкес, бейжай, ләззат, бейопа, ләббай, еружай, көгала, пәруана, мәссаған, мәнпаси, керенау, бүкпентай, тәкаппар, мейман, біржолғы, мейрам, бейқуат, қалемше, мехнат, көгаш, бейтарап, підияшы, мұғалім, бейуақ, мүбах, бейруда, мүкәммал, біраз, мінажат, назакет, наркес, біржолата, нәруыз, беймарал, неғұрлым, бірқос, неғайбіл, өсиетнама, бірадар, өнернама, пайшерік, рәсуа, пәруардігер, беймағына, пәтуа, бейсар, пірәдар, рақмет, бекзада, рәкат, сәргәрда, бекзат, тәржіман, бейсауат, шәрбат, шемая, берма, ілтипат.