Сөз құрамында айтылатын тіл дыбыстарының жазба тілде қағаз бетіне түсіріліп жазылуы және соған сәйкес оқылуы үшін олардың белгілі бір шартты графикалық таңбалармен белгіленуі қажет. Бұл таңбалар әріп деп аталады. Әріптер дыбыстарды шартты түрде бейнелеп, ауызша тіл мен жазба тіл арасындағы байланысты қамтамасыз етеді.
Тіл дыбыстары жазуда графикалық таңбалар арқылы жүйелі түрде белгіленеді, сол себепті жазу тілдің дыбыстық жүйесін белгілі бір дәрежеде дәл көрсетіп отырады. Алайда бір дыбыс әртүрлі жағдайда түрлі реңкке ие болуы мүмкін, сондықтан графика мен орфография тілдің ішкі заңдылықтарына сүйене отырып қалыптасады.
Бірінен кейін бірі рет-ретімен орналасқан әріптердің тұрақты жиынтығы алфавит деп аталады. Әліпби белгілі бір тілдің дыбыстық жүйесін толық қамтуға және жазуда бірізділікті сақтауға қызмет етеді. Ол жазу мәдениетінің негізі болып саналады және сауатты жазу мен дұрыс оқудың басты құралы ретінде маңызды рөл атқарады. Осылайша, дыбыс, әріп және әліпби ұғымдары өзара тығыз байланыста болып, тілдің жазба жүйесінің құрылымдық негізін құрайды.
|
Қазақ әліпбиі |
|||||
|
Баспа түрі |
Әріптердің аты |
Баспа түрі |
Әріптердің аты |
||
|
Бас әріп |
Кіші әріп |
Бас әріп |
Кіші әріп |
||
|
А |
а |
а |
П |
п |
пы |
|
Ә |
ә |
ә |
Р |
р |
ыр |
|
Б |
б |
бы |
С |
с |
сы |
|
В |
в |
ве |
Т |
т |
ты |
|
Г |
г |
гі |
У |
у |
ұу |
|
Ғ |
ғ |
ғы |
Ұ |
ұ |
ұ |
|
Д |
д |
ды |
Ү |
ү |
ү |
|
Е |
е |
е |
Ф |
ф |
эф |
|
Ё |
ё |
йо |
Х |
х |
хы |
|
Ж |
ж |
жы |
Һ |
һ |
һы |
|
З |
з |
зы |
Ц |
ц |
це |
|
И |
и |
ій |
Ч |
ч |
че |
|
Й |
й |
й |
Ш |
ш |
шы |
|
К |
к |
кі |
Щ |
щ |
ща |
|
Қ |
қ |
қы |
Ъ |
ъ |
айыру белгісі |
|
Л |
л |
ыл |
Ы |
ы |
ы |
|
М |
м |
мы |
І |
і |
і |
|
Н |
н |
ны |
Ь |
ь |
жіңішкелік белгісі |
|
Ң |
ң |
ың |
Э |
э |
э |
|
О |
о |
о |
Ю |
ю |
йұу |
|
Ө |
ө |
ө |
Я |
я |
йа |
6-жаттығу. Төмендегі сөздерді алфавиттік ретпен көшіріп жазыңыздар. Орындау барысында қазақ тілінің әліпби жүйесіне сүйеніп, сөздерді алғашқы әріптеріне қарай дұрыс реттеңіздер.
І. Арыстан, қызылқасқыр, кит, дельфин, бозторғай, қарақоңыз, мозазавр, игуана, саңырауқұр, ақбөкен, бабуин, құдыр, ақжапалақ, көксуыр, бизон, гиббон, елік, жапалақ, қарақұрт, сусар, заузақұрт, таужылан, бұлғын, кекілік, құнай, шауқарға, заузақоңыз, құршаян, күдір, қырықаяқ, шіл, кірпікшешен, қабан, кобра, марал, қиқоңыз, көртышқан, аққаз, құлан, қызылқаз, лепидозавр, құндыз, майшабақ, жауынқұрт, сасықкүзен, қуыстұмсық, молдаторғай, құмқоян, мысықторғай, бұлдырық, керік, пышақбалық, түйеқұс, үкі, сазқұндыз, тауқарға, ақбалық, сазкәмшат, аққоян, тотықұс, сарышымшық, қылқұрт, соқыртышқан, құр, сусиыр, тауешкі, бұғы, шимпанзе, алабұға, таутеке, антилопа, ұлу, шақшақай, аққұтан, шегіртке, анаконда, шымшық, алабүйі, шілдеқоңыз.
ІІ. Алқагүл, қанатжеміс, бадамжаңғақ, құмсұлы, жеміссағақ, гүлсабақ, бітеугүл, жертамыр, гүлтабан, бұрамажапырақ, қияқөлең, еркекқырыққұлақ, архегоний, жалбызтікен, анаргүл, бозқараған, жөкеағаш, әжімжапырақ, жөлке, келіншектал, құмдақшөп, гүлтамақ, қандалашор, көгенсабақ, бояныш, көгентамыр, атпақияр, көкбұта, етжапырақ, қиқұлақ, балдақтамыр, кіндіктамыр, бөрікбас, гүлсерік, құнжыт, жұлдызжеміс, қанатжапырақ, баймана, қисықбас, борсақ, қойбалдырған, бұраматамыр, қолтықсабақ, ащыот, қонақжүгері, гүлтұғыр, құлынембес, қызылбидай, жұлдызгүл, қырыққұлақ, масақша, папоротник, құлақот, розмарин, сарбуға, бұйратал, жеміссабақ, сарытікен, гүлшанақ, сортікен, бұршаққап, тамыржеміс, қоңыраугүл, сукөрік, бөрітарақ, қашқаргүл, суот, белтамыр, талшын, жеміссерік, тамыршілік, қойқұлақ, бұйрагүл, құндызгүл, теміртікен.
7-жаттығу. Төмендегі сөздерді алфавиттік ретпен көшіріп жазыңыздар, оларды лингвистикалық түсіндірме сөздіктен тауып, анықтамаларымен танысыңыздар.
І. Агглютинация, үстеу, синекдоха, әуен, монолог, иероглиф, просодия, бастауыш, конвергенция, емле, дейксис, аффикс, бихевиоризм, ларингал, архетип, бунақ, буын, аспектология, гипотаксис, датив, есімше, жаргон, диахрония, жұрнақ, номинация, идиома, калька, варваризм, пауза, аллограф, конверсия, литота, мақал, сөйлеу, адвербиалдану, консонантизм, айқындауыш, коннотация, тавтология, көсемше, предлог, ритм, морфология, қиысу, лексика, метафора, аналогия, омоним, фонетика, диалект, гаплология, мотивация, нейролингвистика, категория, орфоэпия, парадигма, дәйексөз, сигнификат, метонимия, паралингвистика, дефиниция, матасу, стиль, предикат, ассимиляция, протеза, аккомодация, вокабула, стилистика, пунктуация, изафет, анлаут, рема, интонация, одағай, риторика, графика, септік, диграф, сингармонизм, дифтонг, аферезис, синоним, аллитерация, диалог, синтагма, контекст, суффикс, табу, аллофон, историзм, типология, дискурс, толықтауыш, глоссематика, топонимика, артикль, транскрипция, диссимиляция, трифтонг, анаграмма, троп, фонема, антитеза, эпифора.
ІІ. Есімдік, дисфемизм, лингвистика, фраза, гетерограмма, эпентеза, алмасу, лексема, элизия, ассонанс, әріп, баяндауыш, анықтауыш, билингвизм, дыбыс, екпін, гипонимия, тезаурус, плеоназм, веляризация, транслитерация, орфография, вокализм, герменевтика, денотат, графема, деривация, жалғау, қабысу, акустика, диалектология, интерференция, гипербола, аффрикат, диэреза, етістік, жазу, инверсия, каузатив, синтаксис, агенс, кириллица, омограф, прагматика, грамматика, тіркесім, ұғым, клише, лексикология, түбір, мағына, адъективация, меңгеру, акут, метатеза, детерминант, архаизм, морфема, неологизм, антоним, негіз, ономастика, перифраза, коммуникация, алломорф, парцелляция, монофтонг, полисемия, гипероним, пысықтауыш, редукция, говор, сема, артикуляция, семантика, семиотика, глоттогенез, сөздік, афазия, сөзжасам, тәсіл, антропонимика, тема, аллегория, термин, фразеологизм, апокопа, шылау, алфавит, эвфемизм.
8-жаттығу. Төмендегі ақын-жазушылардың фамилияларын қазақ әліпбиі тәртібімен орналастырыңыздар, олардың шығармаларын анықтап, үлгі бойынша жазыңыздар.
Үлгі: Ж.Аймауытов «Ақбілек», М.Әуезов «Көксерек», ...
Ш.Уәлиханов, Т.Ахтанов, Т.Медетбек, Ж.Жабаев, Д.Исабеков, С.Балғабаев, Бұқар жырау, Қ.Қайсенов, М.Дулатов, І.Есенберлин, Б.Момышұлы, Е.Жүніс, Ә.Кекілбаев, Т.Айбергенов, С.Мұратбеков, Қ.Кемеңгеров, Ж.Әбдірашев, Р.Мұқанова, Ш.Қанайұлы, М.Шаханов, О.Бөкей, Ш.Құсайынов, А.Алтай, М.Мағауин, Ж.Аймауытов, Ж.Баласағұн, Б.Майлин, С.Торайғыров, Т.Әбдік, М.Мақатаев, І.Жансүгіров, М.Мөңкеұлы, Ш.Құдайбердіұлы, Ш.Мұртаза, С.Елубаев, Қ.Мұханбетқалиұлы, Жиембет жырау, Қ.Мырзалиев, Ф.Оңғарсынова, Е.Әбікенұлы, Қ.Жұмаділов, Ұ.Есдәулет, Қ.Аманжолов, Б.Мұқай, М.Өтемісұлы, М.Жұмабаев, Ш.Айтматов, С.Сарғасқаев, Н.Айтұлы, А.Құнанбаев, Ж.Сахиев, М.Әуезов, С.Сейфуллин, Т.Әсемқұлов, А.Сүлейменов, Қ.Әбдіқадыров, Ғ.Мүсірепов, А.Ясауи.
Шығармалар: «Зар заман», «Еңлік – Кебек», «Алғашқы ұстаз», «Қонақтар», «Дала, сенің ұлыңмын», «Пәтер іздеп жүр едік», «Бекторының қазынасы», «Өзім туралы», «Күй аңызы», «Айдағы жасырынбақ», «Сыр сандық», «Тойдан қайтқан қазақтар», «Атау кере», «Тілек», «Ыстықкөл күнделігі», «Нарынқұм зауалы», «Біз – түркілерміз!», «Қаһар», «Зілді бұйрық», «Құлагер», «Еңсегей бойлы Ер Есім», «Батыр Баян», «Тағдыр», «Менің атым – Тәуелсіздік», «Әпке», «Аңыздың ақыры», «Алтын сақина», «Бәйтерек», «Прописка», «Жау тылындағы бала», «Ақбілек», «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым», «Томирис», «Шақан-Шері», «Шұғаның белгісі», «Қажымұқан», «Сағыныш», «Аққулар ұйықтағанда», «Тәуелсізбін», «Ұшқан ұя», «Үш қиян», «Өмірзая», «Мәңгілік бала бейне», «Жусан иісі», «Тәуекел той», «Тар кезең», «Шұғаның белгісі», «Қызыл кітап», «Өлең, мен сені аялап өтем», «Мен, мен едім, мен едім», «Тәмпіш қара», «Бесатар», «Көксерек», «Құтты білік», «Шәкірт ойы», «Бақытсыз Жамал», «Жалған дүние», «Даналық кітабы».
9-жаттығу. Төмендегі ғалымдардың фамилияларын қазақ әліпбиі тәртібімен орналастырыңыздар, олардың еңбектерін анықтап, үлгі бойынша жазыңыздар.
Үлгі: К.Аханов «Тіл білімінің негіздері», С.Мырзабеков «Қазақ тілінің дыбыс жүйесі», ...
Ә.Хасенов, Б.Қасым, Т.Сайранбаев, Қ.Жұбанов, А.Айғабылов, Т.Жанұзақов, С.Исаев, А.Байтұpсынов, Қ.Есенов, Ғ.Қалиев, К.Аханов, Б.Қалиұлы, М.Дүйсебаева, Қ.Күдеринова, Қ.Ерғалиев, Т.Қордабаев, Қ.Басымұлы, А.Қыдырниязова, Е.Жанпейісов, Ж.Манкеева, Ә.Жүнісбеков, Ф.Мұсабекова, С.Аманжолов, Ө.Айтбаев, С.Мырзабеков, К.Жолымбетов, Н.Оралбаева, Р.Сыздықова, З.Баразбаева, М.Томанов, М.Балақаев, Н.Уәли, Ж.Аpалбаев, И.Ұйықбаев, Х.Досмұхамедұлы, Ұ.Шүленбаева.
Еңбектер: «Қазақ әдеби тілі орфоэпиясының кейбір мәселелері», «Тіл білімінің негіздері», «Қазақ орфографиясын игертудің негіздері», «Қазақ әдеби тілі синтаксисінің қысқаша курсы», «Қазақ фонетикасы бойынша этюдтеp», «Қазақ-қыpғыз тiлiндегi сингаpмонизм заңы», «Қазақ тілінің орфографиясы мен пунктуациясы», «Жаңа әpiп пен жаңа емле және дыбыстаpымыздың жiктеpi», «Қазақ тіліндегі жалқы есімдер», «Құрмалас сөйлем синтаксисі», «Қазақ прозасының тілі», «Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер», «Қазақ тілі фонетикасы», «Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты», «Бірге және бөлек жазылатын сөздердің орфографиясы», «Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі», «Графика. Орфография. Орфоэпия», «Қазақ тілінің тарихи грамматикасы», «Қазақ тілінің морфонологиясы», «Қазақ тілі орфографиясын оқыту жөніндегі методикалық нұсқаулар», «Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері», «Қазақ орфографиясындағы қайшылықтар», «Сөзжасам: семантика, уәждеме», «Қазақ тіл білімінің қалыптасу, даму жолдары», «Тiл – құрал», «Орфография және тыныс белгілері», «Мәдени лексиканың ұлттық сипаты», «Қазіргі қазақ тілінің пунктуациясы», «Қазақ тілінің дыбыс жүйесі», «Қазақ графикасы мен орфографиясының негіздері», «Қазақ тілінің интонациялық жүйесі», «Қазақ әдеби тілі және оның нормалары», «Емле және тыныс белгілері», «Аудармадағы фразеологиялық құбылыс», «Тіл білімі», «Қазақ тіліндегі ерін үндестігі».