Бүгінгі күні арнайы білім беру жүйесінде психологиялық диагностика, психологтың кеңестері мен ұсыныстары тереңдеп енгізілуде. Психологиялық қызметтің мүмкіндігі шектеулі баланың тұлғалық дамуына бағытталғаны еш күмән тудырмайды; ол ең алдымен баланы қолдауға және оның мүддесін қорғауға бағытталған.
Оқу-әдістемелік құрал арнайы педагогика мамандығының студенттеріне арналған. Бұл әдістемелік басылымның негізгі мақсаты – студенттерге балалардың дамуындағы бұзылыстарды психодиагностиканың теориялық негіздерімен, сондай-ақ әр түрлі ауытқушылықтары бар балалардың дамуын зерттеудің түрлі тәсілдерімен таныстыру. Мүмкіндігі шектеулі балалардың психодиагностикалық процедураларының ерекшеліктерін көрсететін нақты мәліметтер, сонымен қатар психологиялық-педагогикалық диагностика әдістері мен әдістемелерінің сипаттамасы қамтылған.
Оқу құралында арнайы психологиядағы диагностиканың психологиялық-педагогикалық әдістерін дамытудың тарихи шолуы берілген. Мүмкіндігі шектеулі балаларды психологиялық-педагогикалық зерттеудің міндеттері, қағидалары және өзекті мәселелері қарастырылған. Мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған отбасының психодиагностикалық зерттеуін ұйымдастыруға мүмкіндік беретін мәліметтер ұсынылған.
Оқу құралдың басты мазмұны – психодиагностика саласын терең меңгерту, оның түрлері, деңгейлері және өткізу жолдарымен студенттерді таныстыру.