Жобаны дамыту басымдылығы (Іс-әрекеттің қандай жаңа
бағыттары болуы мүмкін?)
Басымдылық – бұл болашаққа деген көзқарас, болашақтың сәтті даму
мүмкіндігі. Қызықты, мазмұнды жоба болашақтың әртүрлі нұсқаларынан
тұрады. Жаңа жобаларды жасау идеясы мен даму нұсқасы кез келген кезеңде
пайда болуы мүмкін.
Жоғарыда
айтылғанның
мәнін
көрсетуде,
жобаның
даму
басымдылықтарын анықтау үшін мына сұрақтар көмектеседі:
- жобалық іс-әрекеттен алынған нәтижелерді қалай қолдануға болады?
- жобаның нәтижесін тарату іс-әрекеттің басқа салаларында мүмкін бе?
- жобалау барысында қандай проблемалар анықталды және оларды басқа
жобаларда шешуге бола ма?
Жоба авторлары (жасаушылар) (бұл жобаны кім жасады?)
Бұл бөлімде жоба авторлары туралы мәліметтерді көрсету керек:
- тегі, аты және әкесінің аты (толық жазылады);
- ғылыми атағы, дәрежесі, марапаттары;
- қызметі (мысалы, жоғары біліктілікті тарих пәнінің мұғалімі);
- жұмыс орны;
- басқа да мәліметтерді көрсетуге болады, мысалы, сайыстарға немесе
жобалаларға қатысу нәтижелері т.б.
Түйіндеме.
Жоба мақсаты проблематизация негізінде анықталады да, соңғы
нәтижемен тығыз байланысты болады.
Жоба мақсатының білім беру
бағдарламасының
мақсатынан
ерекшеленетін
маңызды
нәрсе
«анықталған» нәтижесі белгілі бір формадағы өнім түрінде болуында,
оны бар екенін не жоқ екенін оңай тексеруге болады.
2.2. Жобалық құжаттама
Модульдің
оқу
элементтері:
жобаның
визит
карточкасы;
мультимедиялық презентация; сөз сөйлеу мәтінімен жұмыс; жоба бағасы мен
жобаны қорғау.
Жоба паспорты
Паспорт презентацияда немесе қорғауда қолданылады, ол жобаның
өзіндік «құжаты» болып табылады. Бұл құжат жобаның негізгі сипаттамасы,
оның мақсаты, орындаушысы қысқаша мазмұнынан тұрады (кесте 6).
Кесте 6. Жоба паспорты
Жоба атауы
Білім беру мекемесінің толық
және қысқаша атауы
Жоба жетекшілері туралы
мәліметтер мен жобаны
орындаушылар (Аты-жөні,
тегі, педагог қызметі,
балалардың аты-жөні, жасы)